Геннадий Головкинге Украинада айып тағылды

Бүгін, 20:41 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық боксшы, World Boxing президенті және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды Arasha.kz, SN.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Головкиннің аты-жөні аталған базаға 15 тамызда енгізілген. Ресурста бұған World Boxing ұйымының Ресей спортшыларына қатысты халықаралық шектеулердің алынуына байланысты ұстанымы себеп болғаны жазылған.

Бұған дейін World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты бірқатар шектеулерді алып тастап, олардың халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұранымен өнер көрсетуіне мүмкіндік берген еді. Бұл шешім Головкин басқаратын ұйымның Ресей спортшыларына қатысты ұстанымының өзгергенін көрсетті.

Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында World Boxing президенті болып сайланған. Сондай-ақ ол 2024 жылдан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып келеді.

Тэгтер:

#Қазақстандық боксшы #World Boxing президенті #Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы #Геннадий Головкин #халықаралық шектеулер