«Анамның қара шаңырағына әкелдік»: Мақпал Жүнісованың әулетіне келін түсті

17 тамыз, 2026 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова отбасындағы қуанышты жаңалықты көпшілікпен бөлісті,  деп хабарлайды Arasha.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, бауырының ұлы шаңырақ көтеріп, әулетке жаңа келін түскен. Жас жұбайлар келінді әжесінің қара шаңырағына әкеліп түсірген.

Мақпал Жүнісова қуанышты сәттен видео жариялап, жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

«Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!» - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары да әншінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, жас жұбайларға бақыт пен береке тілеген.

Тэгтер:

#Той #Құдалық #қара шанырақ