«Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

17 тамыз, 2026 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Қарақат Әбілдинаның әпкесі Қымбат Әбілдақызы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдіріп, жас келіндерге кеңес берді, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Қымбат Әбілдақызы бұл тақырыпты әлеуметтік желідегі парақшасында қозғап, ене мен келін арасындағы түсіністік пен сыйластық жайлы ойын ортаға салған.

«Қыс азығын жаз жинап, жаз күндерінен мол күш-қуат алып, арасында демалып, бәріне үлгеріп жүрсіздер ме, ойы ортақ, пікірлестерім?

Ене мен келін бірлігі туралы тақырып аясы күн санап кеңейіп, салмағы ауыр сұрақтар тоқтаусыз ағылуда…», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Қымбат Әбілдақызы айтатын кейбір пікірлері қоғамда талас тудыруы, тіпті өз келіндеріне ұнамауы мүмкін екенін де жасырмаған. Дегенмен ол мұндай тақырыптарды ашық талқылап, пікір алмасу арқылы ортақ ойға келуге болатынын жеткізген.

Оның жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты түрлі пікірлерге себеп болды.

Тэгтер:

#Ене мен келін #Қарақат Әбілдинаның әпкесі #Қымбат Әбілдақызы # пікірлер