Ұрыс кезінде әйелін ұрған ер адам 25 күнге қамалды

Бүгін, 08:46 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Ақтауда отбасылық жанжал ер адамға қатысты қылмыстық іспен аяқталды. Әйелімен сөзге келген кезде мас күйде болған ер адам оның басынан ұрған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақтау қалалық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Бұл бап адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірмей, физикалық ауырсыну туғызған ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді. Мұндай құқық бұзушылық үшін 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ 25 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Ақтау прокуратурасы оның кінәсін мойындауы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Тэгтер:

қылмыс ақтау отбасы