18 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін, 09:06 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Allen J. Schaben / Los Angeles Times via Getty Images

"Қазгидромет" 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және кейбір батыс өңірлерінде күн салқындап, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал оңтүстікте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 11 м/с шамасында. Түнгі температура +19...+21, күндіз +31...+33 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +19...+21, күндіз +34...+36 градус ыстық күтіледі.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +31...+33 градус.

Ақтөбеде де жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16, күндіз +30...+32 градус болады.

Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус.

Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус болады.

Қарағандыда күн бұлтты болғанымен, жаңбыр жаумайды. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.

Көкшетауда күн салқындау болады. Жауын-шашынсыз, түнде +11...+13, күндіз +20...+22 градус.

Қонаевта күн ыстық. Түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Қостанайда ауа райы салқындайды. Түнде +8...+10, күндіз +20...+22 градус. Жауын-шашын болжанбайды.

Қызылордада күн ашық әрі құрғақ болады. Түнде +16...+18, күндіз +33...+35 градусқа дейін ыстық.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +12...+14, күндіз +21...+23 градус.

Петропавлда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +7...+9, күндіз +20...+22 градус.

Семейде жауын-шашын болмайды, бірақ жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +12...+14, күндіз +28...+30 градус.

Талдықорғанда күн ашық. Түнде +13...+15, күндіз +30...+32 градус.

Таразда жауын-шашынсыз, алайда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +15...+17, күндіз +32...+34 градус.

Түркістанда аптап ыстық сақталады. Түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.

Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус болады.

Тэгтер:

ауа райы