2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі бар екенін ашық айтып, бұл әдетінен арылуға тырысып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Спортшы өзінің бұл әдеті қайдан пайда болғанын нақты білмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ол осы мәселемен күресіп, өзін қолға алуға тырысып жүр.
Елеусінов жұртты оны сынамауға шақырды. Боксшы мұндай жағдайды күлкіге айналдырып, талқыға салатын немесе әңгіме ететін нәрсе емес екенін атап өтті.
Ол көпшілікке өзін түсіністікпен қабылдауды сұрады.
Данияр Елеусінов — 2016 жылғы Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның танымал боксшыларының бірі.