Башар Асадтың туысы өлім жазасына кесілді

Бүгін, 16:45 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Anadolu via Getty Images

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың туысы Васим Асад бірнеше адамды қасақана өлтіру және азаптау қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сириялық SANA агенттігінің мәліметінше, Дамаск соты оның әрекеттерін адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс ретінде саралаған.

Сот барысында Васим Асадтың бірнеше адамды әдейі өлтіруге және азаптауға қатысы бар екені анықталған.

"Сот айыпталушы Васим Асадты бірнеше адамды қасақана өлтіргені және азаптауға байланысты қылмыстар үшін кінәлі деп тапты. Бұл әрекеттер адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс ретінде сараланды. Сот айыпталушы Васим Асадты өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды", – деді судья Фахр ад-Дин әл-Арьян.

Сондай-ақ сот Васим Асадтың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылдаған.

Сот процесі Дамасктың төртінші қылмыстық сотында өтпелі сот төрелігі істері аясында өткен.

Васим Асад 2025 жылдың маусымында Сирия мен Ливан шекарасында ұсталған болатын.

Тэгтер:

Башар Асад