Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесінде оның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел жәбірленуші ретінде қатысудан бас тарту туралы өтініш берді, деп хабарлайды Arasha.kz, bairaq_media-ға сілтеме қалдырып.
Сот өтінішті қанағаттандырмады. Өйткені Әділет Зейнел Ұлдана қайтыс болған кезде оның жұбайы болғандықтан, іс бойынша жәбірленуші ретінде танылғаны айтылды.
Сонымен қатар сот оның бұл өтінішті кейін қайта беруге мүмкіндігі барын түсіндірді.