Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот процесі күтпеген жағдаймен аяқталды. Сот үкімі шыққаннан кейін журналист ғимараттан мүгедектер арбасынсыз, өз аяғымен шығып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz, Shyndyk.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, таңертең Гүлнар Бажкенова сот ғимаратына мүгедектер арбасымен жеткізілген. Алайда келген медицина қызметкерлері оны тексеріп, жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған және сот отырысына қатысуына кедергі келтіретін жағдай анықтамаған.
Осыдан кейін сот отырысы жалғасқан. Процесс барысында Бажкенова өзін жайсыз сезінетініне шағымданғаны айтылады.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, сот журналисті 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
Алайда үкім жарияланғаннан кейін Бажкенова сот ғимаратынан өз аяғымен, еріп жүрген адамдардың көмегінсіз шыққан. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Сондай-ақ ақпаратта бұрынғы Orda.kz бас редакторы соттан шыққаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқаны айтылған.