21 жыл бойы ашылмаған қылмыс: Астанада кісі өлтірді деген екі күдікті ұсталды

Бүгін, 10:41 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Астанада 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Осылайша, 21 жыл бойы ашылмай келген істің күдіктілері анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Polisia.kz мәліметінше, сол жылы елордадан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда ол кезде айғақтар жеткіліксіз болғандықтан, қылмысты ашу мүмкін болмаған.

Биыл полиция архивтік материалдарды қайта қарап, қосымша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда", – делінген полиция хабарламасында.

Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов бұрынғы жылдары жасалған және ұзақ уақыт бойы ашылмай келген қылмыстарды тергеу ведомствоның ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Тэгтер:

Астана