«Kaspi-саусақ шығып кеткен бе?» Беташардағы әрекет жұртты күлдірді

Бүгін, 13:04 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Әлеуметтік желіде беташар кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеода беташар кезінде кезегі келген әйел қобдишаға ақша салудың орнына саусағын тигізіп, төлем жасағандай ишара білдіреді. Артынша ештеңе салмастан әрі қарай жүріп кеткен.

Әйелдің бұл әрекеті желі қолданушыларының назарынан тыс қалмай, түрлі пікірге себеп болды. Көпшілік жағдайды әзілге айналдырып, «Kaspi-ді саусақпен сала салды ғой» деп жазған.

Бейнежазба желіде тарап, беташардағы ерекше сәт көпшілікті күлдірді.

Тэгтер:

#Әлеуметтік желі #беташардағы ерекше сәт #Kaspi #ақша