«Күйеуі қолын сындырған»: екі баланың анасы көз жұмды

Бүгін, 15:13 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Алматы облысында екі жасар егіздердің анасы қайтыс болды. Марқұмның туыстары «NemolchiKZ» қорына жүгініп, әйелдің өліміне қатысты көмек сұраған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қордың әлеуметтік желідегі мәліметінше, қайғылы жағдайдан бірнеше күн бұрын әйел күйеуінен зорлық-зомбылық көрген. Алдын ала ақпарат бойынша, 23 шілдеде ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ер адам әйелін ұрған. Салдарынан оның қолы сынған.

Арада үш күн өткен соң, 26 шілдеде әйел өзіне қол жұмсаған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған. Әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы - «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», - делінген қор таратқан ақпаратта.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел болған жағдайды жақындарына бірден айта алмаған. Олардың сөзінше, ол ата-анасын уайымдап, отбасындағы жағдай туралы үндемей келген.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

#Тергеу #Алматы облысында # егіздердің анасы #Марқұмның туыстары