Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар жариялап, туған ағасынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі бұл қайғылы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ағасы ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп, төсек тартып жатқан.
Продюсер жақын адамының дүниеден өткені туралы қысқа ғана жазба жариялап, қайғысын жеткізді.
«Ағатайымнан айырылдым», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Марқұмның қазасына байланысты продюсердің оқырмандары мен өнердегі әріптестері көңіл айтып, отбасына сабыр тіледі.