«Әлі ұмытқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатын есіне алды

Бүгін, 14:30 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты туралы айтып, оны әлі күнге дейін ұмытпағанын жасырмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің сөзінше, алғашқы махаббаты Қанат есімді жігіт болған. Алайда олардың махаббаты қосылуға ұласпаған.

«Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. «Кетсең де шалғай» әнін сол Қанатқа арнап жылап айтқам. Ол кісі қайтыс болды», - деді әнші.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, Қанат Карбузов қайтыс болғаннан кейін оның ұлы әншіге хабарласқан.

«Сол кезде соның баласы маған звондап: «Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген», - деді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнге дейін ол кісінің суреттері мен хаттары сақтаулы», - деді әнші.

Осылайша өнер иесі өміріндегі алғашқы махаббатының естеліктерін әлі күнге дейін сақтап жүргенін жеткізді.

Тэгтер:

#Өнер иесі #Мақпал Жүнісова #махаббатым #естелік