Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Меркіде болған оқиғаға қатысты өлең арнап, қыз балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақын өз шығармасында қыз баласының қауіпсіздігіне қоғам болып жауапкершілікпен қарауға шақырған. Ол өлең оқыған сәтте эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алған.
«Өз басы қайқаң қағып жүргендерді, көз жасы жібермейді қыз баланың!» - деді Айшолпан Тілеутай.
Еске салайық, Жамбыл облысында болған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде көпшілік пікір білдіріп, қыз балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді.
Бұған дейін танымал әнші Димаш Құдайберген де аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, болған жайтты қатаң сынға алған.