Жоғалып кеткен TikTok-блогердің күйген денесі табылды

Бүгін, 18:39 / Алуа Әшірбекова
Сурет: shyndyk.kz

29 жастағы танымал TikTok-блогердің жоғалып кеткеннен кейін денесі табылды. Марқұмның жеке басын құқық қорғау органдары ДНҚ сараптамасы арқылы анықтаған, деп хабарлайды Arasha.kz, euronews.com-ға сілтеме жасап.

Блогердің TikTok әлеуметтік желісінде шамамен 260 мың оқырманы болған. Ол туыстарына қонаққа барған кезде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Туыстарының айтуынша, бойжеткен 12 тамыз күні үйден шығып, содан кейін қайта оралмаған. Осыдан кейін оны іздеу жұмыстары басталған.

Бірнеше күннен соң жүзім алқабынан қатты күйген әйел адамның денесі табылды. ДНҚ сараптамасының нәтижесінде оның жоғалып кеткен блогер екені анықталған.

Оқиғаға байланысты екі күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, олардың болған жағдайға тікелей немесе жанама қатысы болуы мүмкін. Қазір өлімнің нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға Францияда, Ним қаласына жақын Сен-Жиль коммунасында болған. Қаза тапқан бойжеткен – 29 жастағы TikTok-блогер Соня Беллина. Ол Францияға туыстарына қонаққа келген.

Тэгтер:

#Блогер #29 жастағы танымал TikTok-блогер #құқық қорғау органдары #ДНҚ сараптамасы #күдікті ұсталды