Миллиондаған бала көретін "Маша мен Аюға" Украинада шектеу қойылды

Бүгін, 14:24 / Ахмет Қанатұлы
Фото: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский танымал ресейлік "Маша мен Аю" мультсериалын жасаушыларға санкция енгізді. Украина билігі балаларға арналған туындыдан ресейшіл нарративтер байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

DW мәліметінше, тиісті жарлық 20 тамызда Украина президентінің ресми сайтында жарияланған.

Санкциялар "Маша мен Аю" мультсериалын шығарған «Анимаккорд» студиясына және Ресейдің бес азаматына қатысты енгізілді. Олардың арасында студияның негізін қалаушы әрі бас директоры, сценарий авторы және мультфильмге құқық иеленушілер бар.

Украина тарапы мультсериал арқылы «балалар контентінің астарына жасырылған ресейшіл нарративтер» таратылатынын алға тартады. Жарлықта мұндай контент елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екені көрсетілген.

Айта кетейік, "Маша мен Аюға" қатысты мұндай пікір бұған дейін де айтылған. 2026 жылдың маусымында Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна мультфильмді "Кремльдің жұмсақ күшінің бір бөлігі" деп атаған.

Тэгтер:

украина Маша мен Аю