Жамбыл облысында жүкті келіншекті күйеуі зиратқа апарып, азаптаған

Бүгін, 17:37 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жамбыл облысында жүкті 18 жастағы қыз күйеуінің зорлық-зомбылығына ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті әйел күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам оны зиратқа апарып, ұрып-соғып, тұншықтыруға әрекет жасаған. 

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға кезінде оның қағанағы жарылып, толғағы басталған. Алайда соған қарамастан күйеуі оны бір сағаттан астам уақыт бойы жібермей ұстаған.

Жас әйел жағдайды құрбысына жасырын түрде хабарлап үлгерген. Кейін бұл ақпарат құқық қорғаушыларға жетіп, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс бойынша түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.

Тэгтер:

жамбыл әйел Облыс