Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін, 12:38 / Ахмет Қанатұлы
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда магистратураға арналған мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі 24 тамызда белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің айтуынша, биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысуға 23 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 3 мыңға көп.

Үміткерлер арасында ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бар.

Конкурстық іріктеудің қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады.

Грант иегерлерінің тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ министр Саясат Нұрбектің жеке парақшаларынан көруге болады.

Атап айтқанда, нәтижелер министрліктің gov.kz сайтында, Telegram, Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланады.

Тэгтер:

магистратура грант