Әлем чемпионы Қазыбек Қалмағамбетовке автокөлік сыйға тартылды

Бүгін, 14:10 / Ахмет Қанатұлы
Қазыбек Қалмағамбетов. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Словакияда өткен U20 санатындағы күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Қазыбек Қалмағамбетов Ақтөбеге оралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жас балуанды Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды.

Салтанатты шара барысында Ақтөбе облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов спортшыны тарихи жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен әлем чемпионына автокөліктің кілті табысталды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, Қазыбек Қалмағамбетов өңір тарихында грек-рим күресінен U20 санатында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды.

Тэгтер:

Қазыбек Қалмағамбетов