23 тамызда Астана мен бірнеше өңірде нөсер жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Бүгін, 08:30 / Ахмет Қанатұлы
Найзағай жарқылы. Көрнекі фото: freepik.com

23 тамызда Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік пен батыста негізінен жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +14…+16 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

Алматыда аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Жел 8-13 м/с. Түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус болады.

Ақтауда күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Ақтөбеде де жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус шамасында.

Атырауда аз бұлтты, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градусқа дейін ысиды.

Жезқазғанда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.

Қарағандыда жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +13…+15, күндіз +21…+23 градус.

Көкшетауда да ауа райы қолайсыз болады. Кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13…+15, күндіз +18…+20 градус.

Қонаевта аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19, күндіз +31…+33 градус.

Қостанайда жауын-шашын күтілмейді, бірақ желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус.

Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +19…+21, күндіз +34…+36 градус.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13, күндіз +26…+28 градус.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22 градус.

Семейде жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градус.

Талдықорғанда да күн құрғақ болады. Түнде +9…+11, күндіз +30…+32 градус.

Таразда жауын-шашын күтілмейді, алайда жел күшейеді. Оның екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +16…+18, күндіз +32…+34 градус.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус.

Оралда құрғақ ауа райы сақталады. Түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12, күндіз +25…+27 градус болады.

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр найзағай ауа райы болжамы 23 тамыз