«Айыппұл саламыз деп қорқытты»: блогер полицияға наразы

Бүгін, 10:49 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Блогер Шұғыла әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлеріне қатысты видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогердің айтуынша, ол қоғамдық орында даусын сәл қаттырақ шығарып күлгеннен кейін жанына екі полиция қызметкері келген. Шұғыла тәртіп сақшылары оған айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқанын жеткізді.

«Кішкене ғана дауысым шығып қалып еді, мына кісілер жетіп келіп, тағы штраф салайын деп жатыр. Қатты айқайладың дейді. Менің қатты айқайлағаныма дәлелі жоқ. Ана жерде кішкене дауысым шығып қалып еді, мына екі кісі жетіп келді, штраф салам деп қорқытып жатыр. Мен штраф салатындай айқайлаған жоқпын», - дейді блогер видеода.

Сондай-ақ Шұғыла жазбасында: «Қозғалып қалсаң, штраф сала бере ме сонда? Біздің құқықты неге таптай береді? Неге халықты штрафпен қорқыта береді?» - деп наразылығын білдірді.

Әзірге полиция тарапынан аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілгені туралы ақпарат жоқ. Сондықтан видеода айтылған жайттар блогердің өз нұсқасы екенін атап өткен жөн.

Тэгтер:

#Дау #Блогер #Полиция #штраф