Алматылық әйел жұмысшылардың демалысына кедергі келтірді

Бүгін, 13:42 / Алуа Әшірбекова

Алматыда Майлин көшесінің бойында түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда коммуналдық қызмет жұмысшылары үзіліс кезінде демалып отырған сәтте әйел адамның оларға тыныштық бермей, наразылық білдіргені көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Коммуналдық қызмет мамандары таңертеңнен бастап қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етіп, ауыр жағдайда еңбек етеді. Заң бойынша олардың да белгіленген үзіліс пен демалысқа құқығы бар.

Желі қолданушыларының бір бөлігі жұмысшылардың еңбегін құрметтеу керектігін айтып, әйелдің әрекетін сынға алды. Ал кейбірі оқиғаның толық мән-жайын білмей тұрып біржақты пікір айтуға болмайтынын жазды.

Оқиға Алматы қаласындағы Майлин көшесінің бойында болған.

Тэгтер:

# Алматы # Майлин көшесі #коммуналдық қызмет жұмысшылары #наразылық білдірген