Нұрсұлтан Назарбаев үйінде дауыс берді

Бүгін, 14:24 / Алуа Әшірбекова
Сурет: Ztb.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақпаратқа сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты экс-президент сайлау учаскесіне бармай, өз таңдауын үйінде жасаған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі бұған дейін оның омыртқасына операция жасалғанын хабарлаған. Осыған байланысты ол дауыс беру құқығын үйінде пайдаланды.

Тэгтер:

#Сайлау #Құрылтай #Назарбаев #бұрынғы президент