«Құрылтайды» қате айтқан Тұрсынбек Қабатов сынға қалды

Бүгін, 20:22 / Алуа Әшірбекова
сурет: sadaqmedia

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына жұртты қатысуға шақырып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алайда желі қолданушылары оның үндеуіндегі бір қателікке назар аударды. Тұрсынбек Қабатов видеода «Құрылтай» сөзін екі рет қате айтып, көпшіліктің талқысына түсті.

Желі қолданушылары әзілкештің сайлау алдында жариялаған үндеуіне түрлі пікір білдіріп жатыр.

Тэгтер:

#Тұрсынбек Қабатов #әзілкеш #Құрылтай сайлауы