Өзбекстанның Қашқадария облысында қайғылы жағдай болды. Балабақшаға баратын 2 жастағы қыз бірнеше сағат бойы жабық көліктің ішінде қалып, қайтыс болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, балаларды балабақшаға жеткізген қызметкер көліктен барлық баланың түскенін тексермеген. Осылайша бүлдіршін көліктің ішінде қалып қойған.
Көлік жабық күйінде бірнеше сағат бойы ыстықта тұрған. Қыздың жоғалып кеткенін ата-анасы баласын іздей бастағанда ғана байқаған. Кейін оның денесі көліктің артқы орындығынан табылған.
Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жүргізген. Балабақша басшылығы мен жауапты қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға берілген.
Сот шешімімен балабақша басшысы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.