Аша Матай Құрылтайға өте алмады

Бүгін, 12:11 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай депутаты бола алмауы мүмкін. Exit poll нәтижесіне сәйкес, оларды кандидат ретінде ұсынған Қазақстанның Халық партиясы қажетті дауыс жинай алмаған,  деп хабарлайды Arasha.kz.

Еуразиялық интеграция институты Құрылтай сайлауы бойынша exit poll нәтижелерін жариялады.

Сауалнама дерегіне сәйкес, сайлаушылардың дауысы мынадай бөлінген:

«Әділет» партиясы — 71,8%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,2%;
«Байтақ» жасылдар партиясы — 1%;
Қазақстанның Халық партиясы — 3%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,4%;
«Ақ жол» демократиялық партиясы — 5,1%;
Respublica партиясы — 5,4%;
«Барлығына қарсымын» — 2,1%.

Осылайша, алдын ала exit poll нәтижесі бойынша Аша Матай мен Тамара Асарды кандидат ретінде ұсынған Қазақстанның Халық партиясы 3% дауыс жинаған.

Тэгтер:

#Аша Матай #Сайлау #Құрылтай