«Әйел - қызметші емес»: Динара Сәтжан ұлына ақыл айтты

Бүгін, 12:27 / Алуа Әшірбекова
Коллаж: arasha.kz

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниял Үскенбай мен келінінің Париждегі сәттерімен бөлісіп, жас жұбайларға ақ тілегін арнады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында бір-бірін таңдап, өмір жолын бірге жалғастыруға шешім қабылдаған екі жастың бақытына куә болудың өзі ерекше сезім екенін жазды.

«Сендерге махаббаттарыңды өмір бойы аялап, бір-біріңе ризашылықпен әрі құрметпен қарауды тілеймін. Жылдар өткен сайын сезімдерің тереңдеп, махаббаттарың даналық пен күшке толы болсын», - деп жазды Динара Сәтжан.

Тележүргізуші ұлына да арнайы үн қатып, отбасылық өмірге қатысты маңызды кеңесін айтты.

«Даниял, саған ең басты нәрсені айтқым келеді: әйел - қызметші емес. Ол - сенің өмірлік серігің, тең дәрежедегі жұбың. Онымен қуанышыңды да, қиындықтарыңды да, армандарыңды да, отбасы алдындағы жауапкершілікті де бірге бөлісесің», – деді ол.

Динара Сәтжанның ұлына айтқан бұл сөзі желі қолданушыларының назарын аударды.

Тэгтер:

#Динара Сатжан #үйлену #отбасы құру #ақыл