Лукашенко Украина халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты қатынастарды сөз етті

Бүгін, 13:43 / Ахмет Қанатұлы
Александр Лукашенко мен Владимир Зеленский. Фото: Беларусь президентінің сайты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина халқын ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Беларусь президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Лукашенко беларусь және украин халықтарының тарихи тағдыры өзара тығыз байланысты екенін атап өткен.

Оның айтуынша, екі халықты ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер, ортақ жеңістер мен күрделі кезеңдер туралы тарихи жады біріктіреді.

Лукашенко қазіргі геосаяси ахуалға қарамастан, беларусьтер мен украиндардың келешек ұрпағы достық және туыстық байланыстарын сақтап қалады деген сенім білдірді.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта Минск пен Киев арасында өзара сенімге, құрмет пен теңдікке негізделген тиімді ынтымақтастық қайта қалпына келеді деп үміттенетінін айтты.

"Қонақжай Беларусь ізгі ниетпен келген әрбір украин азаматына әрдайым ашық", – делінген құттықтау мәтінінде.

Тэгтер:

украина беларусь Александр Лукашенко Владимир Зеленский