Екі сағат түсіре алмаған кадрды режиссер бір ертегімен құтқарды

Бүгін, 17:24 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

«Қара алтын» фильмінің түсірілім алаңында болған қызықты сәт әлеуметтік желіде жарияланды. Бір қарағанда қарапайым көрінетін кадрды түсіруге шығармашылық топқа екі сағатқа жуық уақыт кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сценарий бойынша кішкентай Әлихан шамға ұзақ әрі ойлана қарап отыруы керек болған. Алайда бала түсірілім кезінде тамақ жегісі келетінін, далаға шыққысы келетінін айтып, жиі алаңдай берген. Соның салдарынан қажетті кадрды бірден түсіру мүмкін болмаған.

Бірнеше дубльден кейін түсірілім тобы да шаршай бастаған. Сол кезде режиссер Мұрат Есжан баланың назарын аударудың ерекше жолын ойлап тапқан. Бес баланың әкесі режиссер Әлиханға бауырсақтарды кейіпкер етіп, ертегі айта бастаған.

Оқиғаға қызығып кеткен бала ертегіні ұйып тыңдап, сценарийде талап етілгендей шамға ойлана қарап отырған. Дәл осы сәтті түсірілім тобы сәтті пайдаланып, көптен күткен кадрды түсіріп алған.

«Сөйтіп кадрымыз сәтті алынды. Съемкаға 2 сағаттай уақыт кетті», - делінген фильмнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, «Қара алтын» фильмі 10 қыркүйектен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Тэгтер:

#«Қара алтын» фильмі