"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын айтты

Бүгін, 10:03 / Ахмет Қанатұлы
Мөлдір Мұқан. Фото: ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оған "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Мөлдір Мұқан бұл шақыртуды қабыл алғанын жеткізді.

"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін", – деді ол.

Әнші жаңа жобаны шығармашылық жолындағы ерекше кезеңдердің бірі деп бағалады. Оның сөзінше, түсірілім тобы тарапынан рөл ұсынылуы өзіне үлкен қуаныш сыйлаған.

Белгілі болғандай, Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды.

Жобада дәрігерлердің еңбегі, медицина қызметкерлерінің күнделікті қызметі және олардың қоғамдағы орны көрсетілмек.

"Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін", – деді Мөлдір Мұқан.

Өнер иесі жаңа телехикая көрермен көңілінен шығады деген сенімін білдірді.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқан