Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклден құлап қаза тапты

Бүгін, 11:19 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 23 тамызда болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім мотоцикл тізгінінде болған. Ол бағанаға байланған аттың арқанын байқамай қалып, соған соғылған. Салдарынан қыз алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Мотоциклде болған тағы бір қыз да жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алайда әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер тарады. Куәгерлер бұл жерде арқан емес, металл трос тартылғанын жазуда. Олардың сөзінше, трос мотоцикл жүргізушілері бұл аумақтан өтпеуі үшін әдейі мойын тұсынан тартылған.

Қала тұрғындары оқиға кезінде бұл жерде ат болмағанын да айтып отыр.

Тэгтер:

қыз Риддер ақпарат