«Тентек кәде» тойда төбелеске ұласты

Бүгін, 15:08 / Алуа Әшірбекова
Коллаж: Arasha.kz

Батыс Қазақстанда кең тараған «тентек кәде» салты Оралдағы тойлардың бірінде жанжалға ұласты. Оқиға салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Arasha.kz, Shyndyk.kz-ке сілтеме қалдырып.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға үйлену тойы кезінде болған. Қонақтар «тентек кәде» дәстүрін өткізіп, әзіл-қалжыңға құрылған түрлі тапсырмалар орындаған. Сондай-ақ күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақтары арасында сыйлықтар алмасқан.

Алайда күйеу жігіт жақтан келгендердің бірі өзіне бағытталған әзілді ауыр қабылдаған. Екінші адам қалжыңды жалғастырған кезде ер адам оны ұрып жіберген.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Алдын ала ақпарат бойынша, оның бірнеше тісі түсіп, қабырғалары сынған. Оқиғаның нақты мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның деңгейі анықталып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі кезде «тентек кәде» кезінде қалыңдықтың туыстары күйеу жігіттің немесе оның жақындарының жолын бөгеп, орындарын иеленіп, әзіл тапсырма орындатуы немесе символикалық сыйлық сұрауы мүмкін. Дәстүр негізінен әзіл-қалжыңға құрылып, екі жақты жақындастыруға бағытталған.

Тэгтер:

#Батыс Қазақстан #тентек кәде #күйеу жігіт #ауруханаға жеткізілген