«Бұл күресте жеңілдім»: Аружан Әбілова орамалын шешті

Бүгін, 15:46 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Блогер Аружан Әбілова әлеуметтік желідегі парақшасында орамалын шешкенін айтып, бұл шешімге келу өзіне оңай болмағанын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, соңғы бір жыл бойы осы мәселе туралы көп ойланып, өз-өзімен арпалысқан. Ақырында орамалын шешуге шешім қабылдаған.

«Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін.  Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім… Ешқалай ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз. Алла қайтадан орамалға оралуымды да нәсіп етеді деп сенемін», - деп жазды Аружан Әбілова.

Блогер орамалын шешкенімен, мұсылман болып қала беретінін және басқа парыздарын қолынан келгенше орындауға тырысатынын айтты.

«Мен дәл солай мұсылман болып қала беремін, басқа да парыздарымды қолымнан келгенше орындауға тырысамын. Ал орамалға қайта келуімді Алла нәсіп етеді деп ойлаймын, ИнШаАлла», - деді ол.

Аружан бұл шешімді қабылдау үшін ұзақ уақыт ойланғанын да жасырмады. Оқырмандарына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, соңғы бір жыл бойы бұл ойдың мазалағанын жеткізді.

«Қолдауларыңызға рахмет, қыздар. Бұл шешім маған оңай күн келгенін білсеңіздер… Соңғы бір жыл ойымнан шықпай, өзіме қанша мүмкіндік беріп, өз-өзіммен арпалыстым», - деп жазды блогер.

Сонымен қатар ол өзінің бұл әрекетін дұрыс деп есептемейтінін және өзгелердің осы ісінен үлгі алмауын сұрады.

«Өзімнің жасағаным дұрыс емес екенін білемін және дәл осы ісімнен менен үлгі алмасаңыздар деймін. Басқа да үлгі алатын жақсы қасиеттерім көп деп ойлаймын», - деді Аружан Әбілова.

Блогер сапар барысында болған ерекше жағдайды да бөлісті. Оның айтуынша, Тараздан өтіп бара жатқан кезде көлігінің алдына бір құс қонып, біраз уақыт отырған. Бұл жағдай оған өмірден өткен әкесін еске түсірген.

«Тараздан өтіп бара жатқанда бір құс машинамызға тоқтап, біраз отырды машинада. Бұл ненің белгісі деп ойлайсыздар? Қайтқан адамдар осылай келеді дегенді естуші едім. Папама деген ой келді», - деп жазды ол.

Тэгтер:

#Блогер #Орамал #Аружан Абилова