Бауырына көмекке ұмтылған жігіт те қаза тапты

Бүгін, 21:00 / Алуа Әшірбекова
Сурет: bairaq_media

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдарияға батып, ағайынды екі жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz, bairaq_media-ға сілтеме жасап.

1998 және 2002 жылы туған азаматтар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Кіші бауыры бата бастағанда, ағасы оны құтқаруға ұмтылған. Кейін екеуінің де денесі табылды.

Марқұмдардың артында жас балалары қалды. Үлкенінің жүкті жары бар.

Тэгтер:

#Түркістан облысы #Сауран ауданы #Сырдария #ағайынды екі жігіт