«Ақтөбе» «Астананы» жеті голмен ойсырата жеңді

Бүгін, 00:53 / Алуа Әшірбекова
Сурет: arasha.kz

Қазақстан әйелдер лигасының XVII турында «Ақтөбе» сырт алаңда елордалық «Астананы» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу 0:7 есебімен аяқталды. Матчтың басты қаһарманы «Ақтөбе» ойыншысы Томас Рис болды. Ол қарсылас қақпасына бес гол соғып, пента-трик авторы атанды.

Томас Рис кездесудің 4, 28, 49, 55 және 90+3-минуттарында мергендік танытты. Ал 56-минутта Гайстенова есепті еселесе, 74-минутта Айкида тағы бір гол соқты.

Осылайша, «Ақтөбе» сырт алаңда «Астананы» 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Тэгтер:

#Астана #Футбол #Спорт #әйелдер лигасы #Ақтөбе