Қызылорда қаласындағы ауруханада екі айлық нәресте қайтыс болды. Осыған байланысты медицина қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаментінің бақылауына алынған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, нәресте жедел жәрдем бригадасымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер балаға қажетті медициналық көмек көрсеткен.
«Республикалық клиникалық орталық мамандары ем барысында балаға бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізген. Аталған жағдай бойынша тексеру жұмысы жүріп жатыр», – делінген басқарма хабарламасында.
Қазір нәрестенің өліміне қатысты денсаулық сақтау саласы тарапынан да қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.