Respublica партиясы Құрылтайдағы 9 мандатқа ие болатын депутаттарды анықтады

Бүгін, 19:16 / Ахмет Қанатұлы
Фото: ашық дереккөзден

Respublica партиясы Құрылтайдағы тоғыз депутаттық мандатқа ие болатын кандидаттардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Партияның Орталық кеңесі мандаттарды бөлу бойынша кандидаттардың кезектілігін айқындап, қажетті құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына жолдау туралы шешім қабылдаған.

Құрылтайда партия атынан Айдарбек Қожаназаров, Бекжан Айтқұлов, Мейрхат Қасымбаев, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және тағы бір кандидат депутат болады.

Партия мәліметінше, тоғыз депутаттың бесеуі бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс құрамында жұмыс істеген. Олар депутаттық қызметін енді Құрылтайда жалғастырады. Ал төрт кандидат депутаттық мандатқа алғаш рет ие болып отыр.

Еске салайық, 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауында Respublica партиясы 509 631 дауыс жинап, 5,56 пайыз нәтиже көрсеткен. Сайлау қорытындысы бойынша партияға Құрылтайдан тоғыз депутаттық мандат бөлінді.

Тэгтер:

депутат партия