Құрылтайға баратын депутаттардың есімдері белгілі болды

Бүгін, 19:21 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Қазақстандағы бірнеше саяси партия Құрылтай құрамына өтетін депутаттарының тізімін жариялады. Әзірге «Ауыл», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП), «Ақ жол» және Respublica партияларынан жаңа Парламентке баратын азаматтардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ауыл» партиясы Құрылтайға 10 депутат ұсынды. Тізімге:

1. Қайрат Қапарұлы Айтуғанов
2. Шахмардан Асқарұлы Байманов
3. Захира Оңғарбайқызы Бегалиева
4. Серік Рахметоллаұлы Егізбаев
5. Мұрат Саматұлы Иргибаев
6. Ажар Елемесова Каджибекова
7. Владимир Сергеевич Киян
8. Алмас Ерекұлы Мұхаметов
9. Динара Қуанышқызы Райханова
10. Рабига Альбековна Токсеитова кірді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да өз өкілдерінің тізімін ұсынды. ЖСДП атынан Құрылтайға сегіз адам барады:

1. Асхат Рахимжанов — ЖСДП төрағасы, Мәжілістің бұрынғы депутаты
2. Максут Насибулов — ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі
3. Нурайнаш Камалова — партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы
4. Лариса Ли — PANA жобасының жетекшісі
5. Аслан Кульмагамбетов — ЖСДП Астана филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы
6. Арман Ақылбай — Әділет министрлігінің персоналмен жұмыс департаментінің директоры
7. Наурыз Сайлаубай — ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты
8. Ажар Сагандыкова — Мәжілістің бұрынғы депутаты, ЖСДП әйелдер қанатының жетекшісі.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтайға сегіз депутат өтеді:

1. Дәурен Хайруллаұлы Ахметжаев
2. Бақтыбек Сәлбекұлы Бибаев
3. Дания Мәдиқызы Еспаева
4. Асылхан Төлебергенұлы Қожахметов
5. Юрий Виссарионович Ли
6. Олжас Елтайұлы Нуралдинов
7. Мейраш Шынасилова
8. Ермекқали Төлепқалиұлы Юсупов.

Ал Respublica партиясы Құрылтайға тоғыз өкілін ұсынды:

1. Бекжан Бахтыбекович Айткулов
2. Руслан Рашитович Идрисов
3. Мейрхат Мейрамханович Касымбаев
4. Олжас Хайроллаевич Куспеков
5. Динара Рустамовна Наумова
6. Екатерина Сергеевна Смолякова
7. Нұргүл Тау
8. Махамбет Кабдулкаирович Хасенов
9. Айдарбек Асанович Ходжаназаров.

Осылайша, аталған төрт партиядан Құрылтайға баратын 35 депутаттың есімі белгілі болды.

Тэгтер:

#Құрылтай