Тойда әйелдің әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады

Бүгін, 09:09 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Өзбекстанда үйлену тойларының бірінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде тараған видеоға сәйкес, әйел қонақтар отырып, тамақтанып отырған үстелдің астына кіріп, дәрет сындырған. Артынша ол ештеңе болмағандай үстелдің астынан бір зат іздегендей кейіп танытқан.

Оқиға тойға жиналған қонақтардың назарын аударып, видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әйелдің әрекетіне таңданысын білдіріп, оның мұндай қадамға не себепті барғанын сұраған.

Әзірге оқиғаның нақты қай жерде болғаны және әйелдің бұл әрекетке не себепті барғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Желі қолданушылары түрлі болжам айтып жатыр. Бір нұсқада әйелдің туыстарына ренжігені және осылайша кек қайтарғаны айтылса, енді бірі оның дәретханаға жетіп үлгермеген болуы мүмкін екенін болжаған.

Тэгтер:

той отбасы әйел