Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Белгілі болғандай, Қанат Айтбаев пен Света Айтбаеваның шаңырақ көтергеніне 33 жыл толған.
Осы айтулы күнге орай өнер иесінің анасы отбасының амандығын тілеп, құттықтау жолдаған оқырмандарына ризашылығын білдірді.
"Отбасымыз аман болсын! Құттықтап жатқан баршаңызға мың алғыс!" – деп жазды Света Айтбаева.