Түркістан облысында суға кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды

Бүгін, 13:16 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Түркістан облысының Келес ауданында Келес өзеніне суға кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құтқарушылар баланы Құрылыс елді мекені маңындағы өзеннен іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам жұмылдырылған. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мұғалімдер, еріктілер және баланың туыстары бар.

Жұмысқа құтқару катерлері, эхолоттар, дрондар және су астындағы дрондар тартылды. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының құтқарушылары да қатысып жатыр.

Еске салайық, 23 наурызда 2018 жылы туған бала ойын кезінде абайсызда суға құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Тэгтер:

бала Түркістан Облыс