«Орамалың қашан шешеді?»: Мөлдір Әуелбекова жаңа образымен сынға қалды

Бүгін, 16:05 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Мөлдір Әуелбекова жарыққа шығатын жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алайда көпшілік жаңа әннен гөрі өнер иесінің клиптегі ерекше образына назар аударған. Әншінің киім үлгісі әлеуметтік желіде түрлі пікірге себеп болды.

Желі қолданушылары арасында «Мынау скоро шешініп қала ма?», «Стилист ауыстыру керек», «Сығанға ұқсап қалыпсың», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?», «Орамалың қашан шешеді?», «Мың қырық жамау», «Оранбай-ақ қойшы» деген пікірлер жазылған.

Әзірге әншінің жаңа туындысы қашан жарыққа шығатыны белгісіз.

Тэгтер:

#Әнші #Орамал #Әнші Мөлдір Әуелбекова