Әлеуметтік желіде тойда бауырына тілек айтып тұрған ер адамның видеосы тарап, желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz, aktau.today12-ге сілтеме жасай отырып.
Кадрдан жігіттің микрофон ұстап, көпшілік алдында ерекше мәнермен тілек айтып тұрғанын көруге болады. Алайда оның өзін ұстауы мен сөйлеу мәнері кейбір желі қолданушыларына ұнамай қалған.
Пікір қалдырғандар «Қатаймашыш, бауырым», «Құстырып жіберді ме уже?», «Шіреніп тұр ғой» деп жазып, жігіттің әрекетін сынға алған.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдіріп жатыр.