27 тамызға арналған ауа райы болжамы: Солтүстік пен батыста жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық

Бүгін, 09:12 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Allen J. Schaben / Los Angeles Times via Getty Images

Синоптиктер Қазақстан бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Ал солтүстік және батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +28…+30°C болады.

Алматыда да жаңбыр жаумайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C күтіледі.

Шымкентте күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +34…+36°C-қа дейін көтеріледі. Түркістанда аптап ыстық сақталып, термометр бағаны +35…+37°C көрсетуі мүмкін.

Қызылордада күндіз +34…+36°C, Таразда +32…+34°C, Талдықорғанда +31…+33°C болады.

Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, күндіз ауа температурасы +22…+24°C шамасында болады.

Қостанайда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Петропавлда бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта бұршақ жауып, екпінді жел соғуы ықтимал. Күндіз +21…+23°C болады.

Оралда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +24…+26°C шамасында.

Ақтөбеде жауын-шашын болмайды, күндіз +25…+27°C күтіледі. Ақтауда +28…+30°C, Атырауда +29…+31°C болады.

Қарағандыда күндіз +23…+25°C, Павлодарда +28…+30°C, Семейде +26…+28°C, Өскеменде +21…+23°C күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы