Непалдағы тасқыннан екі қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен

Бүгін, 10:26 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Непалдағы жойқын тасқыннан кейін екі Қазақстан азаматы әлі табылмай отыр. Бұл туралы Непалдың Туризм кеңесі жариялаған мәліметте айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, қазіргі уақытта елде жалпы 644 адам із-түзсіз жоғалған. Олардың арасында шетел азаматтары да бар.

Хабар-ошарсыз кеткен шетелдіктердің арасында:

Үндістан – 178 адам

АҚШ – 65 адам

Украина – 53 адам

Малайзия – 51 адам

Аустралия – 35 адам

Ұлыбритания – 33 адам

Канада – 25 адам

Қазақстан – 2 адам

Сонымен қатар із-түзсіз жоғалғандар қатарында Непалдың 127 азаматы бар.

Қазір жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Тэгтер:

адам Непал тасқын