Той үстінде жігіт анасының аяғынан сүйді

Бүгін, 14:19 / Алуа Әшірбекова
Сурет: qazakh_inform

Әлеуметтік желіде той үстінде анасын ортаға шақырып, оған ерекше құрмет көрсеткен жігіттің видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кадрдан күйеу жігіттің анасын құшақтап, көзіне жас алғанын, кейін оның аяғынан сүйгенін көруге болады. Бұл сәт желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі жігіттің анасына деген құрметіне сүйсінсе, енді бірі әзілге бұрып, «Брат, точно үйленіп жатсың ба?», «Бұл үйлену тойы ма, әлде аналарға алғыс айту кеші ме?» деп жазған.

Сондай-ақ желі қолданушылары үйлену тойын өткізбес бұрын ата-анаға арнап жеке рақмет тойын ұйымдастыру керек деген пікірлерін де білдірді.

Тэгтер:

#Той #Әлеуметтік желі #күйеу жігіт # үйлену той