Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалып жатыр деген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында Ұлттық қордан ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық пайда әкелетін стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады», – деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың негізгі мақсаты – ел үшін нақты нәтиже беретін жобаларды жүзеге асыру.
«Кез келген қордың, әсіресе Ұлттық қордың тиімділігі келер ұрпақтың игілігі үшін нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.