Танымал әнші Raim жанкүйерімен болған әзіл диалогынан кейін желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Видеода ер азамат әншіден қайта-қайта суретке түсуді сұрайды. Сонда Raim әзілдеп:
Бауырым, сен бес рет түстің жаңа, - деп жауап берген.
Әншінің бұл сөзі әзіл ретінде айтылғанымен, желі қолданушыларының бір бөлігі таңданысын жасырмады. Кейбірі «Raim қатты жұлдыз болып кетпеді ме?», «Жанкүйеріне бұлай айту дұрыс па?» деген пікірлер қалдырған. Ал енді бірі әншінің сөзін жай ғана қалжың деп қабылдауға шақырды.