Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов отадан кейін ауруханадан шығып, үйіне оралды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесін үйіне келген қайын атасы көріп, толқыған сәтін жасыра алмады. Әншінің жары бұл көріністі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Күйеу баласын көріп жылап отыр. Нағыз шын жанашыр, шын тілекші осы кісі ғой», – деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне байланысты ауруханаға түскені белгілі болған. Кейін әншіге ота жасалған еді.